Зейнеткер екі адамды өлімнен құтқарды
Зейнеткер екі адамды өлімнен құтқарды
186
оқылды

Зейнет демалысындағы бұрынғы өрт сөндіруші өртеніп жатқан үйден екі адамды құтқарып қалды.

екі Өкінішке қарай өзге екі адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «2020 жылғы 12 желтоқсанда сағат 00.17-де 101 пультіне Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Қабырғасы балшықтан тұрғызылған, төбесі екі қатар ағаш шатырмен жабылған үй толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенге дейін зейнет демалысындағы өрт сөндіруші Мұрат Баев 1977 және 2016 жылы туған екі адамды құтқарды. Оқиға орнында улы газбен уланған екі адам да ауруханаға жеткізілді»,, – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Оның айтуынша, оқиға орнында 1953 және 2012 жылы туған екі адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер 27 литр газ баллонын оқиға орнынан алып шықты. 80 шаршы метрді шарпыған қызыл жалын сағат 01.38-де сөндірілді.

Тұмар МЫРЗА