Шымкентте шектеу шаралары жеңілдетілді
Шымкентте шектеу шаралары жеңілдетілді
258
оқылды

Шымкент қаласындағы базарлар мен сауда орындары енді жұмыс күндері таңғы сағат 6-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Ал мереке және демалыс күндері кешкі сағат 5-ке дейін ашық.

Азық-түлік сататын дүкендердің де жұмыс уақыты түнгі 11-ге дейін ұзартылды. Асханалар мереке және демалыс күндері де түнгі 11-ге дейін қызмет көрсетеді. Тек онда адам саны 50-ден аспауы керек. Алайда жиын-той өткізуге рұқсат жоқ. Санитарлық талаптарды қатаң сақтау міндет.

Шаһардағы ірі сауда ойын сауық орталықтарына демалыс және мереке күндері түнгі сағат 10-ға дейін баруға болады. Кинотеатрлар ертеңнен бастап санитарлық талаптарды сақтай отырып, көрермендерді қабылдайды. Жалпы қаладағы шектеу және карантин талаптары осыған дейін хабарлағанымыздай, 21 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.