Алдағы 5 жылда тұрақты жұмыс орындарының саны артады
Алдағы 5 жылда тұрақты жұмыс орындарының саны артады
304
оқылды

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні Nur Otan партиясы Атырау облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Семғалиев Әлібек Аманжанұлы үгіт-насихат жұмыстары барысында Исатай ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан тұрғындарына алдағы бес жылға арналған Nur Otan партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. Әлібек Аманжанұлы қауіпсіздікті сақтай сайлаушылармен бірге канвассинг өткізді. Аудан тұрғындарының үйіне барып, Nur Otan партиясының алдағы 5 жылда атқаратын шаруаларын баяндады. Партия ең бірінші тұрғындардың әл-уақатын арттыру үшін жұмыс істейтін болады. Қолайлы экономикалық орта қалыптастырып, шағын және орта бизнеске оңтайлы жағдайлар жасау қарастырады. Жол, ауыз су, газ мәселесі назарда болып, тұрғын үй тапшылығымен күресуді жалғастыра береді. Тұрақты жұмыс орындарының санын арттыру да партияның негізгі мақсаттарының бірі. Әр кездесуден кейін партия өкілі азаматтарды 10 қаңтарда өтетін сайлауға баруға үгіттеп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясының Атырау облыстық Исатай аудандық филиалы Сайлау қорының қаражатынан төленді.