Мемлекет ауылдағы тауар өндірушілерді қолдауы тиіс – Н.Арсютин
Мемлекет ауылдағы тауар өндірушілерді қолдауы тиіс – Н.Арсютин
225
оқылды

«Ауыл» партиясының «Ауылдан ауылға» үгіт-насихат науқаны өңірлерде жалғасты. Кеше партия атынан Парламент Мәжілісі мен Павлодар облыстық және аудандық мәслихаттарына депутаттыққа үміткер кандидаттар Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Орловка кентінің тұрғындарымен кездесті.

«Ауылдықтардың» көшпелі тобын партиядағы әріптестері – филиал төрағасы Е.Байқұрманов және қолдау лигасы штабының басшысы А.Батыршаев бастап барды. Партия өкілі Николай Арсютиннің айтуынша, «Орловка» кентін үлгілі ауыл ретінде қабылдауға болады. Онда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен ауыл тұрғындарын толғандыратын барлық проблема – сапалы ауызсу, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым, табыс деңгейі және өзге де мәселелер шешімін тапқан. Өз сөзінде кандидат облыста мұндай ауылдар өте аз екенін атап өтті. Кездесуден кейін «Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы «Орловка» ауылының маңында орналасқан «Победа»ЖШС-ға барды. Кездесуде кәсіпорын басшысы Владимир Поляков кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі ауыл инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Өз кезегінде, мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің проблемалық мәселелерін шешуде барынша жәрдем көрсетуі тиіс. Бұл – ұзақ мерзімді және арзандатылған несиелер беру, жанар-жағар май мен жемшөпті субсидиялау. Өз кезегінде Н.Арсютин «Победа» ЖШС басшысының сөзіне қолдау білдірді.

Тұмар МЫРЗА