Қазақстанның бірқатар өңірінде күннің күрт суытылуы ықтимал.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы тәуліктерде Ақтөбе, Ақмола және Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне қою тұман түседі. Ал елдің солтүстік өңірлерінде қатты аяз болады деп күтіліп отыр.
Түнде термометр бағамы – 30-33 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Ал Түркістан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін.