Батыс Қазақстанда тағы бір жол жабылды
Батыс Қазақстанда тағы бір жол жабылды
123
оқылды
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жергілікті сағат 13.15-тен бастап Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолы барлық көлік түрлері үшін жабылды. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша қолайсыз ауа райы 28 желтоқсан күні де жалғасады. Облыстың басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын көтеріледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Орал қаласында да тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Бүгін де қалада бұрқасын соғып, соның салдарынан Зачаган кентінде жарық өшіп қалды.