Ауа райына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды
163
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Бүгін Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғып, жел екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз жел екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысы аумағында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады. Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде ауа температурасы күрт төмендеп, аяз болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с болады. Петропавлда жаяу бұрқасын болып, жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

28-30 желтоқсан күндері Жамбыл облысы аумағында тұман түседі, жел тұрады. Таразда тұман түседі.