Әзірбайжан президенті парламентті таратты
Әзірбайжан президенті парламентті таратты

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев парламентті таратып, 9 ақпанда Милли мәжіліске (парламент) мерзімінен бұрын сайлау өткізуді бекітті, – деп хабарлайды РИА Новости.

Дүйсенбі күні Әзірбайжан парламенті өзінің таратылатынын мәлімдеп, ел президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізуді белгілеу туралы ұсыныс жіберді. Парламент 125 депутаттан тұрады, депутаттық мандаттардың көпшілігі басқарушы Жаңа Әзірбайжан партиясынан болды.

Келесі парламент сайлауы Әзірбайжанда 2020 жылдың қарашасында өткізілуі керек еді. Бұған дейін Әлиев Конституциялық сотқа парламенттің бұл шешімін негізгі заңға сәйкестігін қарау туралы өтініш жіберген болатын. Сәрсенбіде сот шешімнің заңдылығын мақұлдады.

«Әзірбайжан парламенті таратылсын, 9 ақпанда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізілсін», – делінген Ильхам Әлиевтің жарлығында.