Nur Otan партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Руслан Көккөзов Шу ауданындағы Аспара ауылына ат басын бұрып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Кандидат «Есіктен есікке» акциясы аясында көпбалалы аналар Жұмабике Жапекова және Айсана Күрмектің отбасында болып, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған әлеуметтік басымдықтар туралы әңгімелеп берді.
– Баршаға белгілі, алдағы 10 қаңтарда елімізде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтеді. Саяси науқанға Nur Otan партиясы үлкен дайындықпен келді. Олай дейтінім, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламаның өзі қоғамның сан саласын қамтып отыр. Сайлауалды бағдарламаға сай, өңірде аға буынды, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған «Бақытты отбасы» партиялық жобасы өз жұмысын бастайды. Аудандарда мұқтаждарды арнайы әлеуметтік қызметтермен қамту үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер желісі кеңейтіліп, мүгедек балаларға арналған 4 оңалту және бейімдеу орталығы, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған 2 дағдарыс орталығы ашылатын болады, – деді Руслан Көккөзов.Кездесу соңында көпбалалы аналар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.Бағдарлама аясында Тараз қаласындағы 3 жаңа көп пәтерлі үйлердің 1-2 қабатында «Әлеуметтік үй» құрылса, 150 орындық мүгедектерді оңалту және бейімдеу көп бейінді орталығы салынады.
Nur Otan партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.