Жаңа жылдан бастап кімдердің дәстүрлі форматта оқитыны белгілі болды
Жаңа жылдан бастап кімдердің дәстүрлі форматта оқитыны белгілі болды
186
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үшінші тоқсаннан бастап жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ колледж, жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері оқу жылының екінші семестрінен бастап штаттық режимде оқитынын айтты.
«Өздеріңіз білесіздер, оқу жылы басталғалы бері балалар қашықтан білім алуда, тек 1-5 сыныптар мен 180 оқушысы бар мектептер дәстүрлі режимде оқыды, ал ІІ тоқсанда 300 оқушысы бар мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысты, 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныпта оқуға рұқсат етілді», - деді Алексей Цой.
Сондай-ақ ол ІІІ тоқсаннан бастап жоғары сынып (9, 11 (12) сыныптар) оқушылары аралас оқытуға көшетінін айтты.
«Ал колледж бен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне оқу жылының екінші семестрінен бастап штаттық режимде оқуға рұқсат етіледі", - деді министр.