Қыста асқынатын аурулар: қалай сақтану керек?
Қыста асқынатын аурулар: қалай сақтану керек?
845
оқылды
Терапевтің айтуынша, адамдар қыста көбіне тұмаудан, суық тиюден ғана сақтану жеткілікті деп ойлайды. Бірақ суықтан ағзадағы созылмалы аурулар да асқынып кетуі әбден мүмкін екен. [caption id="attachment_105494" align="alignleft" width="246"]Маржан Қонысбаева, терапевт Маржан Қонысбаева, терапевт[/caption]
"Көп жағдайда тұмау жедел түрде басталады. Бірақ ол басқа аурулардың асқынуына әсер етеді. Тұмау әсіресе, жоғарғы тыныс жолдарымен бірге төменгі тыныс жолдарын да асқындырады. Ал ол фарингитке, трахеитке, бронхитке және пневмонияға (өкпе қабынуы) , тыныс жетіспеуге әкеледі. Жоғарығы тыныс жолдары инфекция аурулары ауа арқылы ауру адаммен тікелей байланысқанда жұғады", - дейді терапевт Маржан Қонысбаева.
Отбасы дәрігері Гүлдәурен Алтынбекованың айтуынша, қыста гайморитпен ауыратын науқастар жиі шағымданып келеді.
"Гайморит суықтан, вирустан, бактериядан немесе инфекция жұқтырудан болуы мүмкін. Бірақ қыста гайморитпен ауыратындардың көбі суықтан болады. Оның алғашқы белгілері: мұрынның бітелуі, маңдай тұсының солқылдап ауруы. Бұл ауру тұқымқуалайды. Сондықтан кей адамға гайморит ген арқылы берілуі мүмкін. Олар қыс, күз мезгілдерінде ерекше күтінуі керек", - дейді дәрігер.
Тұмау, тыныс жолдары ауруынан кейін қыста көп тіркелетін аурулар қатарында құлақ ауруы да бар. Дәрігердің айтуынша, азаматтар күн суытқанда баскиім киюге немқұрайлы қарап, құлағына салқын тигізеді. [caption id="attachment_105495" align="alignleft" width="237"]Гүлдәурен Алтынбекова, отбасы дәрігері Гүлдәурен Алтынбекова, отбасы дәрігері[/caption]
"Жалаңбас далаға шыққанан, басты жуғанан кейін жылы киінбегенен құлаққа салқын тиіп, отит пайда болады. Ол кейбірінде іріңді отит болуы мүмкін", - дейді Гүлдәурен Алтынбекова.
Қыста бүйрек аурулары цистит пен пиелонефрит, созылмалы пиелонефрит, ер адамдарда урологиялық аурулар (простатит) көп тіркеледі. Дәрігердің айтуынша, оның басты себебі - аяқтан суық тию. Отбасы дәрігерінің айтуынша, суықтан тері аурулары да шығады. Салқын тиіп, көп ауырған адамдардың ағзасы әлсірегенде фурункул, псориаз, экзема сияқты тері аурулары да шығуы мүмкін. Дәрігерлер қыста ауырмау үшін мына қарапайым ережені сақтауға кеңес береді: иммунитетті көтеру, көп адам жиналған жерге бармау, жылы киіну, әсіресе, басты, құлақты, аяқты жылы ұстау, ұйқыны қандыру, дұрыс тамақтану және таза ауда жиі серуендеу қажет. Сонымен бірге бронх демікпесімен ауыратын адамдар жылы жерден суыққа, желге шыққанда өте абай болуы керек.