Чили астанасындағы аурухананың бірінде өрт шығып, емдеу мекемесіндегі 350 науқас қауіпсіз жерге көшірілді.
Оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, отты өшіріп үлгерді.
Денсаулық сақтау министрлігі «өрт аурухананың қазандығынан шыққан» дейді. Бірақ кей мәліметтерге қарағанда, өкпені жасанды желдету аппараты қызып кетіп, оттың тұтануына әкеп соққан. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.