Қазақстандық кәсіпкерлер Қытаймен шекара жабылуына байланысты шеккен шығынның орнын толтыруды сұрайды
Қазақстандық кәсіпкерлер Қытаймен шекара жабылуына байланысты шеккен шығынның орнын толтыруды сұрайды
© Сурет ғаламтордан
454
оқылды
Қазақстандық бизнесмендер ҚХР-мен шекараның жабылуына байланысты олардың шығынын ішінара өтеуді сұрайды, - деп хабарлайды inbusiness.kz. Коронавирустың өршуіне байланысты олар Қытайға келісілген тауарды жеткізе алмай отыр. «Тек астық, майлы дақылдар мен өсімдік майын жеткізуге арналған келісімшарттардың құны 10 миллион долларға жетеді», – дейді Қытай-Қазақстан Азық-түлік индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы. "Мемлекет тарапынан қандай да бір көмек болуы мүмкін, біздің кәсіпкерлердің шығындарын ішінара өтеу мүмкін",-дейді Қытай - Қазақстан Азық-түлік индустриясы кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Камелхан Әбилеков. Бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлер Қытаймен шекараның жабылуынан кейін шығынға ұшырап жатқаны хабарланған болатын.