Үй иесі қонаққа келген жігітті бөлшектеп тастады
Үй иесі қонаққа келген жігітті бөлшектеп тастады
189
оқылды
Ресейдің Сахалин облысында тергеушілер өткен жылдың қыркүйегінде жасалған қылмыстың бетін ашты. Күдіктінің пәтерінен тоғыз ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Қайғылы оқиға Корсаков қаласында болған. 31 жастағы ер адам 56 жастағы күдіктінің үйіне қонаққа келеді. Ішімдік ішкеннен кейін үй иесі ұйықтап қалады. Оянған кезде ол жанында жатқан жігітті көреді. Осы жағдайға байланысты екеуінің арасында жанжал шығып, күдікті қонағының басынан ұра бастайды. Алған жарақатынан ер адам сол жерде көз жұмған. Осыдан кейін үй иесі мәйітті бөлшектеп, бір бөлігін жақын маңдағы орманға апарып лақтырған. Ал қалғанын пакетке орап, екінші бөлмедегі төсектің үстіне тастаған. Ер адамның денесі осы жерде тоғыз ай бойы жатқан. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындады. Сот шешімімен ер адам қамауға алынды.