Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды
Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды
243
оқылды

Қазақстан Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ басқармасының басшысы, полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің тыл және қару-жарақ басшысы, полковник Асылбек Сатыбалдиновты ұстады", — деді Қорғаныс министрлігінің өкілі, майор Ғани Нүсіпов.
Ол басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайтынын айтты.