Қытай адамның көңіл-күйін анықтайтын технологияны сынақтан өткізді
Қытай адамның көңіл-күйін анықтайтын технологияны сынақтан өткізді
239
оқылды
Қытай билігі адамның көңіл-күйін анықтайтын арнайы камераны қамалған ұйғырларға сынаған. Бұл туралы технология авторларына сілтеме жасап, британиялық ВВС сайты хабарлады. Батыс елдерінің көбі Пекин Шыңжаңда ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды лагерьге қамап, түрлі технологиялармен аңдиды деп айыптайды. Технологияның авторының бірі (аты-жөнін айтқысы келмеген) ВВС сайтына камера арқылы адамның көңіл-күйін анықтайтын технологияның қалай қолданылғаны жайлы дәлелдер ұсынған. Оның сөзінше, арнайы технология камера арқылы қамаудағылардың дәл қазіргі көңілін анықтауға тырысады. ВВС дереккөзі бұл камераны жетілген "жалғандық детекторы" деп сипаттады. Жүйе қамаудағы адамның эмоциясын анықтап, сол уақытта оның көңіл-күйі болмай отырса бірден есеп береді. ВВС дереккөзінің сөзінше, бұл деректер қамалғандарға қатысты сот шешімдерін шығаруға негіз болған. Әлемде мұндай камералар 2010 жылдан бері қолданылып келеді. Камераны жасаушылар психологтар адамның жасырын эмоциясын кішкене қимылдарынан анықтай алады, демек компьютер алгоритмі де камера арқылы адамның эмоциясын көре алады деп санайды. Батыс елдерінде мұндай камералар сатып алушы мен сатушының көңіл-күйін анықтауға пайдаланады 2018 жылы британиялық Kantar Millward Brown консалтинг агенттігі адамның жарнама көргендегі эмоциясын анықтау үшін қолданған. Ресейде мұндай технология банктерде, АҚШ-та Disney корпорациясында бар. Disney бұл камераны фильмдерінің премьерасына дейін бағалауға қолданады. Ғалымдар адамның көңіл-күйін анықтауға күмәнмен қарайды. Америкалық психолог Пол Экман Financial Times басылымына берген сұхбатында "бұл технологияны жасаушылар оның тиімділігін ғылыми тұрғыдан дәлелдегісі келмейді" деген. Ал құқық қорғаушылар үкіметтер бұл камераны қоғамға бақылау орнату үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді. Олар камера дұрыс жұмыс істемесе билік технология берген ақпарат негізінде қате шешім шығарады деп санайды. Қытай билігі мұсылмандар тұратын Шыңжаң өңірінде көп камера орнатқан. Пекин Шыңжаңдағы геноцид айыптауын жоққа шығарып, лагерьлерді кәсіп меңгеру орталығы дейді.