Алматыда полицейлерден ақша бопсалаған "блогер" ұсталды
Алматыда полицейлерден ақша бопсалаған "блогер" ұсталды
©https://zen.yandex.ru
158
оқылды

Алматы ПД басшысының орынбасары Рүстем Абдрахманов әлеуметтік желідегі парақшасында полиция қызметкерлерінен ақша бопсалаған ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Айтуынша, ер адам полицейлерді видеоға түсіріп, оны жарияламауы үшін 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақша талап еткен.

"Күдікті 1987 жылы туған Б. есімді азамат. Ер адам патруль қызметкерлеріне өзін блогер ретінде таныстырып, видеоны жарияламауға уәде берген және сол үшін ақша бопсалаған. Сома 50 мың мен 200 мың теңге аралығында", - деді Рүстем Абдрахманов.

Ер адамды Әуезов ауданында, өзі талап еткен 300 долларды алуға келген кезде тұтқындаған. Дәлелдер алынып, іс ҚР Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша тіркелді. Ұсталған ер адам Алматы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жұмыстарын  жүргізіп жатыр.