Полиция қызметкерлері қызды үйіне алып келгенде ата-анасының оны тіл алмағаны үшін әдейі елсіз аралда қалдырып кеткенін айтқан. Оларға баласының үнемі тамақ сұрап, үй шаруасына көмектеспейтінін жеткізген. Сабақ үлгерімі де нашарлап, мектепті мүлде тастап кеткен екен. Тәрбиесін түзеу мақсатында әке-шешесі осылай жазаламақ болған. Аралда бірнеше күн түнеткен соң, қыздарын алып қайтпақ болған.
Аралда аш қалмасы үшін су мен печенье қалдырған. Оның үстіне баласын сыртынан бақылап жүретін тәжірибелі адамды да жалдаған екен.
"Ел бізді қатыгез деп санауы мүмкін. Бірақ қызым соңғы екі күнде қатты өзгерді. Ол бұрын бейтаныс адамдармен сөйлесуге ұялатын, қазір кез келгенімен тіл табыса алады", – дейді қыздың әкесі.
Жергілікті полиция қызметі қыздың ата-анасын бұл әрекеті үшін сынға алып, олардан үлгі алмауға шақырды.