Мүфтият ертең жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын хабарлады
Мүфтият ертең жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын хабарлады
©azattyq-ruhy.kz
349
оқылды

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес еліміздің кей өңірлерінде жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де, бұл Қазақстанның ешбір аймағында жұма намазы оқылмай жүр дегенді білдірмейді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, 27 тамызда жұма намазы кей өңірлерде оқылады. ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді.
«Елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес. Мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды және пандемия жағдайына байланысты бекітілген ережелерге түсіністік танытуларын сұраймыз», – делінген Мүфтият хабарламасында.

27 тамызда кей өңірлерде жұма намазы оқылмайды, кей өңірлердің мешіт ауласында оқылады:

Нұр-Сұлтан қаласы – оқылмайды;
Алматы қаласы – оқылмайды;
Шымкент қаласы – оқылмайды;
Алматы аймағы – мешіт ауласында оқылады;
ШҚО – мешіт ауласында оқылады;
Қарағанды облысы – оқылмайды;
Атырау облысы – мешіт ауласында оқылады;
СҚО – мешіт ауласында оқылады;
Ақмола облысы – мешіт ауласында оқылады;
Ақтөбе облысы – мешіт ауласында оқылады;
БҚО – оқылады;
Маңғыстау облысы – мешіт ауласында оқылады;
Түркістан облысы – мешіт ауласында оқылады;
Павлодар облысы – мешіт ауласында оқылады;
Семей аймағы – мешіт ауласында оқылады;
Талдықорған аймағы – мешіт ауласында оқылады;
Қызылорда облысы – мешіт ауласында оқылады;
Жамбыл облысы – оқылмайды;
Қостанай облысы – мешіт ауласында оқылады.