Атырау облысында су айдындарына 28 адам батып кетті, – деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы.
«Су айдындарынан балық аулауға барушылар, жағалауда демалушылар арасында суға кету деректері азаймай отыр. Өйткені, тұрғындар арнайы жабдықталмаған орындарда шомылады. Мәселен, Махамбет ауданында – 19, Атырау қаласының аумағында – 17, Қызылқоғада – 15, Индерде – 10, Жылыойда – 7, Құрманғазы ауданында 2 қауіпті учаске бар. Биылғы шомылу маусымында қауіпті учаскелерде 28 адам суға батып кетті. Оның ішінде 10 бала бар» – дейді Бақыт Абланов.