Украиналық боксшы Василий Ломаченко келесі қарсыласы ганалық былғары қолғап шебері Ричард Коммиге қарсы өтетін жекпе-жек туралы қысқаша пікір білдірді.
– Тамаша сәттердің куәсі болған Madison Square Garden-де жекпе-жек өткізу мен үшін әрқашан үлкен мәртебе. Комми – бұрынғы әлем чемпионы. Мен оның кәсіби шеберлігін жоғары бағалаймын. Комми екеуміз жақсы жекпе-жек өткіземіз деген ойдамын. Қызықты кездесуді 11 желтоқсанда тамашалауға дайын болыңыздар, – деді Ломаченко.