Линдердің өлімінен соң ауыр атлетика құрамасының бас бапкері ауысты
Линдердің өлімінен соң ауыр атлетика құрамасының бас бапкері ауысты
362
оқылды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Дәурен Бекмұхамедов тағайындады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл жағдайға Альберт Линдердің өлімі мен одан кейінгі бірқатар оқиға, спортшылардың, жаттықтырушылардың, сондай-ақ Альберт Линдердің туыстарының көптеген үндеуі себеп болды. Оқиғаға министр араласқаннан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан ережелер өрескел бұзушылығы анықталды. Соның салдарынан құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов, аға жаттықтырушы Сергей Седов және басқалары жұмыстан шеттетілді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылдың мамыр айынан бастап ауыр атлетика федерациясының тізгінін ұстаған Бақыт Ахметов биыл қазан айында қызметінен босатылған болатын.

Бас бапкердің жұмыстан кетуіне 25 жастағы спортшы Альберт Линдердің мезгілсіз қазасы мен оқыс оқиғадан кейінгі өзге де спортшылардың айтқан пікірлері себеп болды.