ЦСКА бапкерінің таңдауы «Тобыл» ойыншысына түсті    
ЦСКА бапкерінің таңдауы «Тобыл» ойыншысына түсті    
269
оқылды

Қазақстандық «Тобыл» командасы мен Грузия құрамасының шабуылшысы Эльгуджа Лобжанидзе болгариялық ЦСКА-ға ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды Aikyn.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

29 жастағы шабуылшыны болгариялық клубтың бас бапкері Стойчо Младенов өз командасына шақырды. Бұған дейін Младенов Лобжанидземен Қызылорданың «Қайсарында» бірге жұмыс істеген болатын.

Қазақстан премьер-лигасының 2020 жылғы маусымында грузин шабуылшысы қасқырлар сапында 12 ойын өткізіп, 7 гол соқты. Ал осы маусымда «Тобыл» сапында өнер көрсетіп, қостанайлық клубпен ел чемпионы атанды.