Ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
472
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының бір тұрғыны әлеуметтік желілерде ұлттық және діни алауыздықты қоздыратын материалдар мен пікірлерін жариялаған.

Оның жарияланымдары Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің назарына ілліккен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Instagram әлеуметтік желісінің қолданушысы  облыс аудандарының бірінің 20 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол өзіне қосымша аккаунт ашып, тіл тигізетін жарияланымдар орналастырған. Тергеу амалдары аяқталған соң іс материалдары Петропавл қалалық сотына тапсырылған болатын. Сотталушы кінәлі деп танылды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды.