Коронавирустың қаупі: Оқушыларға сабақ 18 телеарна арқылы тікелей эфирде оқытылады
Коронавирустың қаупі: Оқушыларға сабақ 18 телеарна арқылы тікелей эфирде оқытылады
370
оқылды
Моңғолияда оқушыларға телеарналар арқылы сабақ оқытылады, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Моңғолияда білім беру мекемелерінің жұмысы тоқтатылды. Қазіргі таңда осы елде барлық мектеп, балабақша, кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары 2 наурызға дейін жабылды. Дерттің таралуы тоқтағанға дейін оқушыларға елдегі ірі 18 телеарна арқылы 1-12 сыныптың сабағын оқу бағдарламасына сәйкес үйретіледі.
Моңғолияның Білім және ғылым, спорт министрі Ё.Баатарбилэг: «Барлығы 402 рет жүрілетін телесабақтың жалпы ауқымы 6 357 минутты, 40 пәнді қамтиды. Ол үшін ең үздік деген 170 мұғалім дайындалып жатыр. Күніне 2-4 пән әрқайсысы 10-20 минуттан үйретілетін болады»,  – деді.
Теледидар арқылы сабақ оқу 3 ақпанда басталады.