Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалында бақ сынайды
Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалында бақ сынайды
Сурет: olympic.kz
213
оқылды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франциядағы Open Sud de France турнирінде финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Olympic.kz

Бублик жартылай финалда әлемдік рейтингте 36-шы орында тұрған сербиялық Филип Краййновичті жеңді. Есеп – 6:4, 6:2. Кездесу екі сағатқа созылған. Монпельедегі турнирдің финалында Бублик германиялық Александр Зверевпен кездеседі.