Ақтөбеде қарт анасын ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
Ақтөбеде қарт анасын ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
Сурет: Depositphotos / PongMoji
262
оқылды

Ақтөбеде сот қарт анасын ұрып өлтірген ер адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды diapazon.kz.

51 жастағы Ақтөбе тұрғыны 84 жастағы анасына ашуланғандықтан мұндай қадамға барған. Кешкі уақытта ер адамның анасы тамақты түкіріп, оны жеуден бас тартқан. Бұған ашуланған ер адам оны басы мен бетінен ұрған. Кейін кеудесінен жұдырықпен ұрады. Артынша жедел-жәрдем шақырып, анасының бір ай бұрын соққыға жығылғанын айтады. Кейін қарияның бас-ми жарақатын алып, қабырғасы сынғаны белгілі болды. Әйелдің соққыға жығылғаны белгілі болған соң, ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотта ер адам анасымен қарым-қатынасы бала кезден күрделі болғанын айтты. Оның айтуынша, ол анасымен түсінісе алмағандықтан, үйден жиі қашып кететін.
"Сол кеште анамның тамақты түкіріп тастағаны ашуымды келтірді. Ол дәретін де астына жіберіп қоятын. Оны қанша рет ұрғаным есімде жоқ. Кейін жедел жәрдем шақырдым. Мен оны өлтіргім келмеген. Бәрі аяқ астынан болды", - деді ол.
Сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.