L-Capital компаниясына қаржы салған 300-ден астам адам сан соғып қалған.
ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, L-Capital-дан келген шығын көлемі 260 миллион теңгеден асады.
«Министрліктің жетекшілігімен арнайы прокурорлар астана, Шымкент және Атырау облысында L-Capital (Искандеров Г. И Жантелесова Т.) компаниясына қатысты қылмыстық істі қарады. Компания салымшыларды бағалы қағаздарға инвестиция құюға шақырған. Қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оған қатысы бар адамдар іспен танысып жатыр», – дейді Санжар Әділов.
Ұзын саны 300-ден астам адам зардап шеккен. 260 миллион теңгеден астам (32 мың АҚШ доллары) шығын келген.