Нұр-Сұлтанда депутат көпбалалы аналарды балағаттады
Нұр-Сұлтанда депутат көпбалалы аналарды балағаттады
Коллаж: halyq-uni.kz
443
оқылды

Елордалық депутат, ірі құрылыс компаниясының басшысы көпбалалы аналарды балағаттады. Аяқ астынан дүрсе қоя берген әйелдердің ісіне Ғабит Сәтмағамбетов ашуланған көрінеді. Ол жағдайын айтпақ болған аналарды тыңдаудың орнына бейәдеп сөз қайтарған, - деп хабарлайды КТК арнасы

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан бейнежазбаға қатысты мәслихат депутаты тек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді. Айтуынша, көпбалалы аналар әдейі арандатқан. Әйтпесе Ғабит Сәтмағамбетов сол әйелдерге көмектесуден кенде емес екен. Ол басқаратын құрылыс компаниясы қоғамның осы топ өкілдеріне бүгінгі күнге дейін 20 баспана сыйлапты. Ауру балалардан да ақша аямадым депті депутат. Енді мына жағдайдан кейін құрылыс магнаты көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасаудан бас тартпақ. Сәтмағамбетовтің әрекетіне мәслихаттағы әріптестері үн қатқан жоқ.
"Мен Ғабит Сәтмағамбетов қайырымдылық қорының иесі ретінде, көпбалалы аналарға қандай да бір қайырымдылық көмек көрсетуді тоқтатамын. Олардың осындай қарым-қатынасынан кейін, менің көмектесуге деген ниетім қалмады. Кідіріс жасаймын деп шештім. Өздеріңіз таразыға салып көріңіздер. Көп рақмет!" - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ғабит Сәтмағамбетов.