Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығының» бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты тергеуді аяқтады.
Мекеме 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға медициналық, әлеуметтік көмек көрсетеді. Екеуіне 10 миллион теңгеден астам бюджеттен бөлінген қаражатты жымқырғаны үшін айып тағылды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында жымқырылған қаражатты толық өтеді.