Көлік екіге бөлінген: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Көлік екіге бөлінген: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Сурет: Tengrinews.kz
342
оқылды

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, көлік екіге бөлініп қалған. Салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 26 ақпан күні сағат 10.00-де Павлодар - Семей тасжолындағы Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің қатты соққыдан бөліктерге бөлінгені анық көрінеді. Мыжылған металдың қасында қаза болғандардың денесі жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ 21015 көлігінің 44 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, Toyota Camry 40 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің 30 жастағы жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.