Соңғы тәулікте Алматы облысында коронавирус тіркелмеді
Соңғы тәулікте Алматы облысында коронавирус тіркелмеді
©Жұмабек Айқын
307
оқылды

Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше,  соңғы 2 аптада Алматы облысында COVID-19 ауруының тарау деңгейі төмендеп, апталық өсім 0,1%-дан 0,003%-ға дейін түсті. «3 наурыз бен 16 наурыз аралығын алдыңғы аптамен салыстырғанда вирус жұқтыру 65-тен 10-ға дейін төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы жасыл аймақта орналасқан. Соңғы тәулікте коронавируспен ауру жұқтырғандар тіркелмеген» делінген ведомствоның хабарламасында.