Саран қаласының әкімі халықпен жаңа форматта кездесті
Саран қаласының әкімі халықпен жаңа форматта кездесті
©saryarqanews.kz
482
оқылды
Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов «Халыққа есеп беру кездесулері» жаңа форматы шеңберінде қала тұрғындарымен шаһардың 2021 жылғы дамуының негізгі қорытындылары және 2022 жылға арналған негізгі міндеттер бағытын талқылады. Саран қаласы – халық саны 51,8 мың адам болатын моноқала. Жаңа формат шеңберінде дәстүрлі баяндамалар, сахналар, мінбелер алынып тасталды. Халықпен сұрақ-жауап форматында кездесу ұйымдастырылып, жалпы 36 сұрақ төңірегінде әңгіме өрбіді. Әрбір тұрғын әңгіме мен пікір алмасуда барлық өзекті мәселелерді айта алды және диалог жүргізуге мүмкіндік туды. [caption id="attachment_188585" align="alignnone" width="1200"]Саран ©saryarqanews.kz[/caption] Тұрғындардың қатысуына шектеу қоймау үшін жиын үлкен алаңда – жаңа спорт манежінде өтті. Балалары бар ата-аналар үшін балалар аймағы құрылды, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қозғалыс қолжетімділігі мен еркіндігі қамтамасыз етілді. Жергілікті мәселелер бойынша жеке «кіші бөлімдер» құрылып, адамдар бар сұраныстарды нақты талдай алды. Тұрғындар бір сәтте мамандарға еркін жүгініп, барлық қажетті ақпаратты ала алды. Кездесуге сондай-ақ барлық тілек білдірушілер онлайн форматта қатыса алды, ол әлеуметтік желілер платформалары және Aitube.kz платформасы (online – 3000 қатысушы) арқылы көрсетілді. [caption id="attachment_188586" align="alignnone" width="1200"]Саран ©saryarqanews.kz[/caption] Осы форматтағы кездесулер тұрақты және жүйелі негізде өткізілетін болады.