Әйелінің үстіне қайнаған су құйған
Әйелінің үстіне  қайнаған су құйған
360
оқылды
Ақтөбеде бір ер адам отбасылық жанжал кезінде ашумен әйелінің үстіне қай­нап тұрған ыстық суды құйып жіберген. Ол аздай, жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген. Бұл оқиғаны «Не молчи» қо­ғамдық қоры жария етті. Со­рақысы, оқиға үйде балалардың көзінше болған. Күйіктен ауыр­сынып қозғала алмай қалғанына қарамастан, күйеуі әйеліне екі күн бойы жедел жәрдем қызметін шақыруға рұқсат бермеген. «Ша­қырсаң, қол-аяғыңды сынды­ра­мын» деп қорқытқан. Әлгі әйел күйеуі жұмысқа кеткен кезде ғана жедел жәрдем шақырған. Бірақ, өкініштісі, ауруханада бұл дерек бойынша полиция ша­қы­рылғанымен, ол әйел арыз жа­зу­дан бас тартқан. Осылайша, от­басылық шектен шыққан қа­ты­гез­дік жалғасып, оны одан ары қи­най­тынына бәрі көз жұма қа­ра­ды», – деп жазды Facebook па­рақ­шасында құқық қорғаушы Дина Таңсәрі. Оның айтуынша, отбасында алты бала бар екен. Үлкені 14 жас­та, ал кішісі небәрі бір жаста. Сон­дай-ақ белгілі болғандай, әйел жүкті кезінде күйеуі оның басын да жарған, бірақ сол кезде әлгі әйел полицияға хабар­ласпаған. Әйтсе де, бұл жолы Ақтөбе по­лициясы қалыс қалмады. «Қа­зір ол азаматшадан күйеуіне ша­ра қол­дану туралы арыз түсті. Жәбірлеуші қамауға алынды. Соталды тергеу басталды, тергеу амалдары жүргі­зіліп жатыр. Ішкі істер органдары тұрмыстық зор­лық-зомбылық фак­тілерін жа­сырмай, құқық қор­ғау орган­да­рына міндетті түрде хабарлауды сұрайды», – делінген Ақтөбе об­лы­сы Полиция депар­та­менті таратқан хабарламада.