Әлеуеті зор корпорация
Әлеуеті зор корпорация
562
оқылды
Қарағандыда «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) қолдауымен Қазақстан бойынша алғашқы автоматты жанармай құю бекеттері пайда болды. Оның активтерінде спорт және денсаулық сақтау нысандары бар. ӘКК-нің автобус және шина зауыттары сияқты ірі жобаларда үлесі бар. Өткен жылдан бастап ол Саран қаласындағы индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы болды. Өңірлік дамудағы «Сарыарқа» ӘКК-нің рөлі қан­дай екенін Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Өміртаев айтып берді. – ӘКК – бұл әлеуметтік павильондар мен тұрақ­тандыру қоры емес. Сіздер әлеуметтік және өнеркәсіп­тік жобаларды жүзеге асыруға қатысасыздар. Бірақ бұл негізгі бағыт туралы көпшілік біле бермейді. Нәтиже­лері туралы айтып беріңізші. – ӘКК – бұл инвестиция тартумен айналысатын даму институты. 2021 жылы біздің қолдауымызбен Қа­рағанды облысында 39 млрд теңгеге инвестициялық жо­балар іске асырылды. 2022-2023 жылдарға арналған міндет – бұл соманы үш есеге, 110 млрд теңгеге дейін ұлғайту. Әлеуметтік бағыттар – үлкен және үстел теннисі орталықтары. Бұл – әлемдік талаптарға сай келетін заманауи нысандар. Олар бүгінде сұранысқа ие. Онда балалар мен ересектер айналысады, халықаралық жарыстар өткізеді. Қала әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ӘКК жер учаскелерін бөлді. Инвестор жобаны өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болғаннан кейін, біз одан шығамыз. Біздің негізгі міндетіміз – бірінші кезеңде бизнесті қолдау. Дәл осындай жағдайда біз Сәтбаев пен Жезқазған қалаларындағы әлеуметтік шағын маркет құрылысына қатыстық. Қазір Қарағандыда ТБӨ ауданында жеке емхана салынуда. Жобаны «Мирас» клиникасымен бірлесіп жүзеге асырудамыз. Бұл ауданда 10 мыңға жуық адам тұрады, бірақ қажетті стандарттарға жауап беретін сапалы медициналық мекеме жоқ. Тұрғындар При­шах­­тинскіге немесе қалаға медициналық көмекке ба­руға немесе бейімделмеген бөлмеде орналасқан меди­циналық пунктте қызмет көрсетуге мәжбүр. Емха­наның ашылуы осы жылдың жазына жоспарланып отыр. Медициналық қызметтер қадамдық қолжетім­ділікпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар 60-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылады. – Жер мәселесі неліктен ӘКК арқылы шешіледі? Мұнда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болмайды ма? – Инвестициялық немесе инновациялық жоба­ларды іске асыру үшін ӘКК арқылы жер учаскесін алуға болатын заңнамалық норма бар. Барлық рәсім ашық. Кез келген кәсіпкер жүгіне алады. Біз жоба тізбесі Үкімет бекіткен қызметтің басым түрлеріне жарамдылығын қарастырамыз. Әрі қарай әкімдікке жүгінеміз және оң шешім қабылданған жағдайда жобаны іске асырамыз. Серіктеспен келісімшарт жасаймыз. Жер учас­ке­сі­нің нысаналы мақсаты – оны қайта сатуға да, сол жерде басқа нәрсе жасауға да болмайды. Тиісті шек­теулер бар. – Іске асырылған инновациялық жобалар бар ма? – Иә. Бұл – автоматты жанармай құю стансаларын орнату. Қазақстан бойынша ондай еш жерде жоқ. Жанармай құю стансалары өзіне-өзі қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейді. Жүргізуші өзі жанармай құяды, терминалда чек алады. Бұл уақыт­ты үнемдейді: кезекте тұрудың қажеті жоқ. Қондыр­ғы­лар жинақы модульді және көп орынды қажет етпейді. Қазір қалада екі автожанармай құю стансасы жұмыс істейді: Тәттімбет көшесінде – «Магнум» супермаркетіне жақын жерде және Гоголь көшесі мен Саран тасжолының қиылысында – Toyota автоорталығы ауданында. Жақында тағы біреуі пайда болады. Қосымша тағы төртеуі жоспарланған. Айтпақшы, автоәуесқойлар үшін тағы бір жаңалық. «Астана Моторс» компаниясымен бірге автомобиль хабы салынады. Жер учаскесі Global city СО-ға қарама-қарсы, оңтүстік-шығысында жаңа құрылыс ауданында бөлінген. Дилерлік орталықта қызметтердің толық кешені қарастырылған. Инвестициялар 6 млрд теңгеден асады. Нысанды 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр. – Ең ірі жобалар туралы айтып берсеңіз. Автобус зауытында және шина құрылысында ӘКК үлесі қандай? Серіктестік шарттары қандай? – Автобус зауытында – 20%. Басшылық құрамды тағайындау, қаржылық құжаттарды бекіту, ірі мәміле­лер жасасу – мұның барлығы біздің қатысуымызбен болады. ӘКК-нің бірлескен кәсіпорыннан шығуы жабдық лизингі бойынша міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ғана болады. Бизнес-жоспар бойынша бұл 10 жылға дейін. Yutong әлемдік компаниясы сияқты серіктесті тарту өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуал туралы айтады және басқа инвесторлар үшін көрнекі болады. Зауыт біртіндеп қарқын алуда. 2021 жылы 165 автобус шығарылып, сатылды. Биыл 617 автобус шығару жос­парланған, оның 58-і тапсырыс берушілерге кеткен. Шина зауытында ӘКК үлесі – 10%. Жоба құны – 125 млрд теңге. Биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Құры­лысқа 320 адам тартылған. Кәсіпорында мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Қызметкерлерді қабылдау жүріп жатыр. Қазір 113 ма­ман Татарстанда, Нижнекамскідегі шина зауытында оқуда. Saran индустриялық аймағының болашағы қандай? Автобус және шина зауыттарынан басқа жаңа мүшелер пайда болды ма? – Бізде индустриялық аймақпен ғана айналысатын жеке департамент жұмыс істейді. Басым түрлері – химия өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, құры­лыс материалдарының өндірісі, көлік логистикасы және тағы басқа. Барлық қажетті инфрақұрылым – газ, электр энер­гиясы, су, кәріз, тазарту құрылыстары жүргізілетін болады. Бүгінде келісімге қол жеткізілді және екі ірі жоба­ны іске асыруға үйлестіру кеңесінің мақұлдауы алын­ды. KazIsolation ЖШС легирленген болаттан өнім өн­діру бойынша құю цехын салуды жоспарлап отыр. «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС ыстық мырыштау желісімен металл бұйымдарын шығаратын зауыт жобасымен шықты. Сонымен қатар тағы үш әлеуетті қатысушы бар. Олар отандық инвесторлар – «Қазфитингпласт» – сы­йым­ды және машина жабдықтарын өндіру, «Алтын Ар­на Холдинг» – ірі тонналы қаптама, PolyTechAstana – полиэтиленнен жасалған құбырлар. Индустриялық аймақ экономиканы әртараптан­дыруға, өңірде жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады. Біз де «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпо­рациясына табыс тіледік.

Қарағанды облысы