Bus Lane: астанада 26 жол учаскесіне өзгеріс енгізілді
Bus Lane: астанада 26 жол учаскесіне өзгеріс енгізілді
Фото: contrast.astana.gov.kz
424
оқылды
Астанада Bus Lane жалпы ұзындығы 73,6 км болатын 26 жол учаскесіне енгізілді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Bus Lane есебінен кептеліс азаяды. 2015 жылдан бастап астана көшелеріне арнайы бөлінген Bus Lane жолағы енгізіле бастады. Қалалық қоғамдық көлік қарбалас уақытта жеке көліктерге қарағанда әлдеқайда басымдыққа ие. Нәтижесінде, жолаушылар уақытын ұтымды пайдалана алады. Бұл қозғалыс жағдайын жақсартып қана қоймай, қала экологиясына және жалпы қоршаған ортаға оң әсер етеді. Бөлінген жолақтар қоғамдық көлік қозғалысын жылдамдатуға, жол-көлік оқиғасы санын азайтуға және ресми такси мен арнайы қызметтер үшін де тиімді. Оның ішінде жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру техникаларының оқиға орнына жылдам жетуіне оң әсер етеді.
Жалпы ұзындығы 73,6 км болатын 26 жол учаскесінде Bus Lane енгізілді. Қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігі 25%-ға жетеді, оның ішінде, жол жүру уақыты орта есеппен 10 минутқа қысқарды.
Былтыр Bus Lane арнайы жолақтары Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Түркістан, Мұхамедханов және Абылай хан көшелері мен даңғылдарының 8 учаскесінде енгізілген. Сондай-ақ 29 тамызда Абылай хан даңғылы бойынша Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Bus Lane іске қосылып, оның жұмыс істеу уақыты белгіленді. Сонымен, жеке көлік иелеріне автобус жолағымен таңғы уақытта 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі уақытта 17.00-ден 20.00-ге дейін жүруге тыйым салынады. Ал қалған уақытта автобус жолағымен жүруге рұқсат беріледі. Бұл шектеу пилоттық жоба шеңберінде енгізілуде. Бүгінгі таңда қоғамдық көлікте 1 400-ден астам жүргізуші, 95 маршрут, 886 автобус кестесі қызмет көрсетеді.