25 жастағы жігіт Алматы облысының 16 мешітін тонаған
25 жастағы жігіт Алматы облысының 16 мешітін тонаған
©www.inform.kz
449
оқылды
Алматы облысында 16 мешітті тонаған 25 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.  Ақпан айының соңынан Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл Ту және Панфилов ауылдарындағы мешіт қызметкерлерінен тонау жайында өтініштер түсе бастаған. Нәтижесінде, Талғар ауданының полицейлері ұрыны ұстады. Қылмыскер ұрлыққа түскен сайын бетперде киіп, түрін көрсетпеген. Алайда ол көшедегі бейнебақылау камералардың біріне түсіп қалған. "Күдікті кешкі намаз уақытында діни қызметкерлердің ақшасын, ұялы телефондарын және бағалы заттарын ұрлаған. Сонымен қатар ол мешіттің ішін де, сыртын да тонаған. Тұрақта тұрған көліктерді ашып, бағалы заттарды қолды қылған. 25 жастағы жігіт Есік қаласының тұрғыны болып шықты, Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған екен. Қазір күдіктіге байланысты облыстағы осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", – деді Талғар аудандық ІІБ бастығының орынбасары Андрей Бурянский. Қылмыстық істе айғақ ретінде тәркіленген бейнежазбалар, ұрланған телефондар мен қылмыс қаруы қаралуда. Әзірге күдікті қамауда.