11-сынып оқушысы жасөспірімді қорқытып-үркітіп, атына несие алдыртқан
11-сынып оқушысы жасөспірімді қорқытып-үркітіп, атына несие алдыртқан
©eadaily.com
523
оқылды
Ақтөбе облысында зардап шегушінің атына күштеп, 330 мың теңге көлемінде несие рәсімделген. Ол сол ақшаға ұялы телефон сатып алмақ болған.  Полицияның хабарлауынша, 4 сәуірде полиция бөліміне 17 жастағы колледж студентінің ата-анасы хабарласқан. Олар бейтаныс жасөспірім ұлын қорқытып-үркітіп, оның атына несие алдыртқан. Полицейлер күдікті ретінде жергілікті мектептердің бірінде 11-сынып оқушысын ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Бұл баптың санкциясы айыптының мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді.