Түркістандық азамат танысының көлігін сұрап алып, 12 млн теңгеге сатып жіберген
Түркістандық азамат танысының көлігін сұрап алып, 12 млн теңгеге сатып жіберген
©Chevrolet
359
оқылды
Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны құқық қорғаушыларға алданғанын хабарлаған. Айтуынша, танысы өзінен уақытша BMW көлігін сұрап, қайтармаған. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлды.  Зардап шегушінің сөзінше, танысы көлікті сұрап алып, түрлі себеп-сылтау айтып, бір ай бойы қайтармай қойған. Содан аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тұрақты мекенжайында ұсталды. Ол досынан көлік алып, 12 млн теңгеге сатып жіберген. Ал түскен ақшаны жұмсап тастаған. Қазір полицейлер аталған жайттың мән-жайын тексеріп, азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.