«Ақ Жайықта» 9 гектар қамыс өртенді
«Ақ Жайықта» 9 гектар қамыс өртенді
Фото: ТЖД-нен алынды
411
оқылды
Бүгін сағат 01.09-да Атырау қаласы Дамба ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында ауданы 9 га қамыс өртенді. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Өртті сағат 08.00-де сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің №1 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімі (1 қызметкер,1 бірлік техника), Жедел-құтқару жасағы (1 құтқарушы, Трэкол), №4 Өрт сөндіру бөлімі  (6 қызметкер, 1 бірлік техника), АШ-7 (автомобиль штабной) (3 қызметкер 1 бірлік техника), Солтүстік Каспий экологиялық шұғыл әрекет ету базасы (4 қызметкер, 1 бірлік техника) жұмылдырылды.