Рудныйда колледж студенттерінің уланғанына аспаз кінәлі ме?
Рудныйда колледж студенттерінің уланғанына аспаз кінәлі ме?
Фото: news.myseldon.com
373
оқылды
Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Рудныйдағы колледж студенттері уланған асхана тексерілді. Нәтижесінде, колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды.
«Зертханалық зерттеу нәтижесінде асхананың үш қызметкерінен патогенді стафилококкты анықталды. Дайын өнім микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттерден алынған талдауларда патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияның таралуына асхана қызметкерлері себеп болуы мүмкін», – деді департаменті өкілі.
Айта кетейік, 21 сәуірде Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттері асханада уланып, 14 адам инфекциялық бөлімшеге жеткізілді.