Абақтыдағы Қайрат Құдайбергенге моральдық-психологиялық қысым жасалды
Абақтыдағы Қайрат Құдайбергенге моральдық-психологиялық қысым жасалды
695
оқылды
Биылғы қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенге моральдық-психологиялық қысым көрсетіліп жатыр. Оның адвокаты Мұрат Амитовтің әлеуметтік желідегі парақшасына жазғанына қарағанда, күдікті Бас прокуратура қызметкерлерінің қысымына шағымданып, мәлімдеме жасаған. «Оның сөзінен тергеу изоляторының қабырғасында Бас прокуратураның МСРО жедел уәкілі Қайратқа адвокатсыз келгенін білдік. Оған моральдық-психологиялық қысым көрсеткен. Ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендеткен бұл офицер Қайратқа «Қажетті айғақтарды бермесең, ұзақ уақыт түрмеге жабыласың» деп қорқытқан», - деді Амитов.  width= Ол Қайрат Құдайбергеннің ісі әлі сараланып бітпегенін атап өтеді. «Тергеу соты Қайратқа «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оның кінәсін дәлелдейтіндей етіп алуы үшін санкция берді ме?» деп сұрақ қойды адвокат. Ол Қайраттың уәждерін тіркеу кітабы мен ЛА-155/18 мекемелерінде орнатылған бейнекамералар жазбаларын тартып алу арқылы растауға болатынын жеткізеді. Онда адвокат жоқ кезде кім, қашан, қандай мақсатпен барғанын көруге болады. Қайраттың айтуынша, оқиға 2022 жылдың 26 ​​сәуірінде сағат 10:30 шамасында болған. «Біз құзырлы органдарға тиісті арыз, шағымдарды жібереміз. Қадағалау органдарынан кейбір тәртіп сақшыларының мұндай заңсыз арандатушылық әрекеттерін тоқтатып, Қайратқа қатысты бұлтартпау шарасын дереу өзгертуді талап етеміз», - деді адвокат. Айта кетейік, сәуірдің 22-сі күні таңертең Құдайберген биылғы жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Прокуратураның мәліметінше, Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман) бірге адамдарды «Қазақстан» қонақ үйіне жинаған. Онда Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, оны қолдауға, билікке ортақ талаптар қоюға шақырды.