Жағдайы төмен отбасына тұрғын үй сатып алып берді
Жағдайы төмен отбасына тұрғын үй сатып алып берді
564
оқылды
AMANAT партиясының Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы аудандық филиалының қызметкерлері әлеуметтік аз қамтылған отбасына үй алуға көмектесті. Биыл наурыз айында AMANAT партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде филиал төрағасы Н. Даумов аудан тұрғындарының мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға Сайқын ауылының тұрғыны, әлеуметтік осал топқа жататын Жармұханбетова Қамажай есімді азаматша келген. Ол жолдасының жұмыссыз екенін әрі өздігінен жүріп-тұра алмайтынын, сондай-ақ бірнеше жылдан бері ауылда үй жалдап тұратындарын айтқан. Осылайша партиядан үй алуға көмектесуін немесе өздері жалдап тұрып жатқан үйдің сатылатынын айтып, мүмкіндік болса сол үйді алып беруін өтінген. Филиал төрағасы бірден аудандық филиалдың атқарушы хатшысы И. Құрмашевқа мәселені шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Тапсырмаға сәйкес, И. Құрмашев, өтініш білдіруші тұрып жатқан үйдің қожайынымен сөйлесіп, сатылатын үй бағасын анықтап, демеушілер іздестірген. Нәтижесінде, Сайқын ауылындағы Мәншүк Мәметова атындағы мектептің 20 жыл бұрынғы түлектері құжаттарын рәсімдеп, тұрғын үйді сатып алып берген. Ал аталған мектепті бітіргеніне 15 жыл болған түлектер үйге газ және су кіргізіп берді. БҚО Баспаналы болған Қамажай Жармұханбетова аудандық филиал төрағасы мен филиал қызметкерлеріне алғысын білдірді.