AMANAT халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында арнайы алгоритм әзірледі
AMANAT халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында арнайы алгоритм әзірледі
443
оқылды
Бұл туралы партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев мәлімдеді Статистикалық есептің жаңа әдістемесі, өткізу тізбектерінің жаппай желісін құру және несие беру жүйесін реформалау. Осы және басқа да инновациялық шараларды AMANAT партиясы әзірледі. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Ауыл Аманаты» жобасын жүзеге асыру басталғанын  айтқан еді. Жобаның көздеген мақсатына жету үшін AMANAT-та партиялық бастамаларды жүзеге асырумен айналысатын жобалық кеңсе құрылады. Осы бағытта атқарылатын жұмыстар жайлы партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев айтып берді. Оның айтуынша, ресми тіркелген қызметкерлердің санына байланысты салықтың жекелеген түрлеріне (корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы) жасалатын жеңілдіктер экономиканың дамуына айтарлықтай серпін береді. Бұл – еңбек нарығын ынталандыруға да жақсы мүмкіндік. Сонымен қатар, партиялықтар статистикалық есептің жаңа әдістемесін қабылдап, әрбір елді мекен бойынша көптеген мәлімет жинау, олардың экономикалық бейімділігін анықтау және ірі тұтынушылардың сұраныстарын зерттеу, өндірілетін өнімнің сауда желілері мен базарларда қолжетімдігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.
 «Колледждер базасында сауда желілері мен тұтынушылардың талаптарына сай келетін өндірістің технологиялық картасына оқытатын құзырет орталықтары желісін ұйымдастыру қажет. Бұл өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, өнімді өткізуге де септігін тигізеді», – деді партия Хатшысы.
Сондай-ақ партия Хатшысы барлық салалық бағдарламаларды біріктіре отырып, бизнесті дамытуды қолдаудың Бірыңғай ұлттық бағдарламасын жасау қажет екенін де атап өтті. Бұл әрбір елді мекеннің бекітілген экономикалық бағдарламасын жүзеге асыруға кешенді қолдау шараларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.