Екі қолымды жылы суға батырып отыратын сәтке жеттім - Айнұр Тұрсынбаева
Екі қолымды жылы суға батырып отыратын сәтке жеттім - Айнұр Тұрсынбаева
954
оқылды
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келін түсірді. «Қатты толқып отырмын! Бұл қуанышты бөліспеудің өзі кінә сияқты! Көзімнің ағы мен қарасы, ұлым Бегланым шаңырағымызға келін әкеп жатыр. Ұлымның кішкентай кезінде “Қашан өседі?” деп, ержеткенін күтіп, асығатынмын. Келін түсіру деген алыстағы армандай көрінетін. Сөйтсем, уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен ғой. Міне, бүгін келінді болдым. Аппақ келіннің басына ақ орамал тағып, отқа май салғыздық. Әжелеріміз айтпақшы, енді екі қолымды жылы суға салып отыратын сәтке де жеттім. Зымыраған өмір-ай...» деп жазды айтыскер әлеуметтік желідегі парақшасына.
«Сәби болып құшағымда отырғаның кеше ғана сияқты еді. Ержетіп кеткеніңді байқамай да қалыппын-ау. Ғұмырымның жалғасы ұлым менің, Әр сәт сайын дұғамда, жырымда едің. Өз теңінді тапқаның қуандырып, Еселеді бағымды бүгін менің. Кеше ғана сәби ең, жүгірмегім, Сен үшін сынақтарда үгілмедім. Күні-түні тілеймін Жаратқаннан Отауыңның бақытқа тігілгенін.
Менің қуанышым сіздерге де жұғысты болсын!», - деп өлңін де арнайды ұлына ақын.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)