Алматыда әке мен бала мопед ұрлаумен айналысқан
Алматыда әке мен бала мопед ұрлаумен айналысқан
398
оқылды
Алматыда әке мен оның ересек баласы мопед ұрлаумен айналысқан, полиция осындай бірнеше дерек болғанын мәлімдеді. Бостандық аудандық полиция басқармасына бірден үш мопед ұрланғаны туралы арыз түскен. Барлық жағдайда ұрлау тәсілі ұқсас болып шықты.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адам мен оның 20 жастағы ұлын ұстады. Тәртіп сақшылары ұрланған мопедтерді де тапты, олар көлікті сатпақ болған. Әке мен бала қылмысты түнде жасағаны анықталды. Екі айыпталушы да әрекетін мойындады», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Аухадиев.
Тәртіп сақшылары жеңіл моторлы көлік иелеріне сақ болуға кеңес берді. Ал ұрлық жасалған күнде полицияға өтініш жазғанда өндірушінің сериялық нөмірін көрсету қажет екені айтылды.