«Отан қорғаушы» және «Отбасын сақтаушы» ескерткіштері «Ақорда» резиденциясының орталық холына ерекше көрік беріп тұр», - деп жазды БОРТ №1 Телеграм-арнасы. Белгілі қазақ мүсіншісі Ерболат Төлепбай олардың мүсіндерін алтын мен күмісті араластыра отырып, қола мен алюминийден құйған.
«Бұл өнер туындыларының символдық мәні зор.
Жас сарбаздың тұлғасынан халқымыздың өрлігі мен батылдығын тануға болады. Ал баласын құшақтап тұрған ана бейнесі бейбітшілікті, жасампаздықты және өмірдің жалғасатынын білдіреді», - делінген ақпарат көзінде.