Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты басты сот отырысы 14 маусымда өтеді, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Іс Атырау қаласының №2 сотында қаралады.
Бұған дейін Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа жеткені хабарланды.
Биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.
«Осыған байланысты басты сот отырысын өткізу жөнінде шешім қабылданды. Басты сот отырысын 2022 жылғы 14 маусымда сағат 14:45-те өткізу тағайындалды», – делінген хабарламада.