Биылғы жылдың басы күрделі оқиғалармен басталғаны белгілі. Соныңішінде бірінші тоқсан елімізде ғана емес, халықаралықгеосаяси деңгейде де шиеленісті ахуалға толыболды. Оныңэкономикаға тигізген теріс әсеріде қатты байқалды. Әсіресе, өнеркәсіп, соныңішінде мұнай-газ саласытасымал мәселесінде үлкен өзгерістерді бастан кешірді. Осынау күрделі жағдайларға қарамастан «ҚазМұнайГаз»ұлттық компаниясы бұл межені табыспен аяқтады. Мәселен, 2022жылдыңбірінші тоқсанындағы түсім былтырғы ұқсас кезеңменсалыстырғанда 64,1 %-ға артып, 2 триллион теңгеге жеткен.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бірінші тоқсандағы қаржылық есебін осы аптаның басында арнайы брифингте жария етті. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, тәуелсіз аудитордың шоғырландырылған қаржы есептілігінен компанияның айналым қаражаты өсе түскенін көруге болады. Ал спикер – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев мұндағы ахуалды одан да кеңірек етіп айтып берді. Сонымен, әуелі цифрларға кезек берсек, негізгі қаржы көрсеткіштерінен түсімнің, EBITDA және таза пайданың артқаны бірден аңғарылады. 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы табыс 2021 жылдың алғашқы үш айындағы 1 192 млрд теңгемен салыстырғанда 64,1%-ға артып, 1 957 млрд теңге болған, былайша айтқанда 2 триллион теңгеге жуықтаған. Ал EBITDA көрсеткіші былтырғы бірінші тоқсанындағы 318 млрд теңгеден 444 млрд теңгеге дейін өскен, яки 39,5%-ға артқан. Бұл көрсеткішке бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасының өсуі айтарлықтай әсер еткен. Есепті кезеңде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының таза пайдасы 0,5%-ға ұлғайып, 287 млрд теңгені құрады. Кезең ішінде бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда 312 млрд теңге болыпты.
«Табыстың өсуі мұнайға бағаның жоғары болуымен байланысты. Brent маркасының орташа бағасы I тоқсан бойына барреліне 102,2 доллар деңгейінде болды. Бұл былтырғы осы кезеңдегі бағадан 67%-ға жоғары. Енді компанияның жылдық бюджеті қайта есептелетін болады. Бұған дейін жобамен барреліне 60 доллар бағамен қатталған болса, енді негіз етіп орташа шамамен 90 доллар алынбақ.
Бұл тұста атай кететін нәрсе, табыстың мұнай бағасынан үш пайыздай кем болуы дисконт құнымен байланысты. Мәселен, «ҚазМұнай Газ» компаниясы мұнайдың бір бөлігін Атырау – Самара мұнай құбыры арқылы, одан әрі Ресей Федерациясының «Транснефть» жүйесінде тасымалдайды. Міне, осы көлемге берілетін дисконт тоқсан соңында 31 доллар болғанымен, жылдың басында ол 40 долларға дейін барды. Бұлайша қымбат бо луы табысқа әсер етті. Әйтсе де, бұл бағыттың тартымдылығы қазір едәуір төмендеп кетті, өйткені халықаралық нарықта Urals сұрыпты мұнай да дисконтпен саудаланады. Соның өзінде де біз пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, экспортқа ренталық салықты және экспорттық кедендік баж салығын Brent маркасының бағасы мен төлеп отырмыз», – деді «ҚМГ» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев.
Компанияның қаржылық есептілігінде еркін ақша ағынында-215,7% кемдік барын, яки екі жылдағы І тоқсанда 35 млрд теңгеден -40 млрд теңгеге түсіп кеткенін көруге болады. Ал жалпы қарыз 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3 746 млрд теңгемен салыстырғанда 3,5%-ға көбейіп, 2022 жылғы 31 наурыздағы 3 878 млрд теңгені құраған болса, таза қарыз 2 204 млрд теңгеден 2 189 млрд теңгеге (0,7%-ға) сәл түскен. Мұндай көрсеткіштердің бір себебі, компанияның өндірістік шығындарының 32,4%-ға көбейіп кеткенімен байланысты. 190 млрд теңгені құраған бұл сома негізінен KMG International N.V. компаниясының тариф мөлшерлемесінің қымбаттауына байланысты электр энергиясына жұмсалатын шығынның өсіп кетуінен, жалпы ҚМГ бойынша аймақтардағы өндірістік персоналға еңбекақыны 10-30% көтеруден туындап отыр. Осылайша, жалпы еңбекақы қоры былтыр 470 млрд теңге болса, биыл 530 млрд теңгеге жетпек. «ҚазМұнайГаз» тобындағы барлық персоналдың саны, штаттағы және штаттан тыс жұмысшыларын қоса алғанда 47 мың адамды құрайды, ал бірлескен компанияларды есептегенде 60 мыңнан астам адам бар.
Биыл 6 мамырда компания «Самұрық-Қазына» АҚ мен Ұлттық банктің шешіміне сәйкес 2021 жылға бір акцияның құнын 327,80 теңгемен есептеп, жалпы сомасы 200 млрд теңгеге дивиденд төлейтіні туралы жариялады. Былтыр бұл сома 56 млрд, 2020 жылы 86 млрд теңге болған. Ал жалпы 2016 жылдан бері дивиденд түрінде 540 млрд теңге төленген екен.
Брифинг барысында Басқарма төрағасының орынбасарына журналистер тоқсандық есептілікке, компанияның өзгеде жағдайларына қатысты өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сондай сұрақтардың бірі алаяқтық туралы болды. «Интернетте және әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына ақша инвестициялау туралы жарнама қарқынды тарауда. Бұл алаяқтар емес пе?» деген сұраққа, спикер азаматтарды жалған жарнамаға сеніп қалмауға шақырды.