Ақтау тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасында тышқан қаптап жүргенін айтты – видео
Ақтау тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасында тышқан қаптап жүргенін айтты – видео
Фото: lada.kz
1,413
оқылды
Ақтау тұрғыны 1А шағынауданында орналасқан Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан ұлына келген, – деп жазады Lada.kz. Тұрғын үш күн қатарынан тышқандар қаптап жүргенін байқаған. «Медбикеге тышқандардың көзін құрту керек екенін айттым. Тіпті, мекеме басшылығына кішкентай балаларға дәретханаға барудың өзі қорқынышты екенін ескерттім. Алайда менің сөзіме құлақ аспады», – дейді қала тұрғыны Гүлжазира.   https://youtu.be/hNcGbaD3T5Y Құзырлы органдар әлі ресми жауап бермеген.